Мәдениет

Қонақ туралы мақал-мәтелдер

Қонақ қойдан да жуас,

Май берсе де жей береді.

***

Қонақ бір күн қонса құт,

Екі күн қонса жұт.

***

Қонақ жаман болса,

Үй иесі қыдырар.

Үй иесі жаман болса,

Қонақ қыдырар.

***

Қонақ келсе, ет пісер,

Ет піспесе, бет пісер.

***

Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр.

***

Қонаққа «Кел» демек бар,

«Кет» демек жоқ.

***

Шақырусыз тойға барғанша,

Қазусыз көрге бар.

***

Тойға барсаң, тойып бар.

***

Қонақ атаңнан да ұлы.

***

Қонақ құдайдың еркесі.

***

Қонақ аз отырып,

Көп сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш Түркістан пойызының жүру кестесі

redaktor_qazyr

Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?

redaktor_qazyr

Буынның түрлері (қазақ тілі ережесі)

redaktor_qazyr

Пікір жазу