Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қорғаныс министрлігі биыл 42 мың азаматты әскерге шақыруды жоспарлап отыр

2025 жылдың 14 ақпанында ҚР Қорғаныс министрлігі мемлекет басшысының запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлығы шықты деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қазақстан Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлық «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы ер азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақыруға» қаулы етеді.

Әскерге шақырылушыларды хабардар ету шақыру қағаздары мен SMS-хабарламалар арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазын алған әскерге шақырылушылар медициналық комиссиядан өту үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына баруға міндетті. Биыл 42 мың азамат әскерге шақырылады деп жоспарлануда.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды

redaktor_qazyr

Шымкентте қар, Жамбыл облысында жолдар жабылды

redaktor_qazyr

Арыс қаласының ауруханасында қолын күйдіріп алған Монтайтастық келіншекке қаржылай көмек берілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz