Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қостанай облысында шегіртке шапқыншылығынан 500 гектардан аспайтын арпа егістігіне залал келді

Қостанай облысында шегіртке шапқыншылығынан 500 гектардан аспайтын арпа егістігіне залал келді,-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.

 Қайрат Райсов Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы «Алмас» ш/қ басшысы. Фермер шегірткелердің шапқыншылығы туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы бірінші болып таратты. Бүгін ол ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекпен бірге егістіктерді химиялық өңдеу бойынша іс-шаралар өткізілетін аудан аумағын аралап шықты. Қайрат Райсовтың хабарлауынша, бұған дейін айтылғандай, 10 мың гектар емес, 500 гектарға жуық арпа егістігіне зала келтірген. Оның шаруа қожалығының егістіктерінде өңдеу жұмыстары аяқталуда. Айта кетейік, шегірткелердің таралу ошақтары АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің өңірлік бөлімшелерінің іс-қимылдарының арқасында жедел түрде жойылды. Қазіргі уақытта өңірде шамамен 260 мың га немесе жоспарланған алаңның 70%-ы өңделді. Зиянкестермен күреске 31 арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 9 желдеткіш бүріккіш, 13 аэрозольді газ генераторы, 6 аса жеңіл авиациялық кеме және 3 жеңіл ұшақ. Ауыл шаруашылығы министрлігі тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады. Сенімді деректер мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды

redaktor_qazyr

Шымкентте 20 жасар қызды көлік қағып,артынша қайтыс болды

redaktor_qazyr

Түркістан обл: Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы трассаны қалпына келтіру жөндеу жұмыстары аяқталып келеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz