«Қостанай облысының Жангелді,Амангелді аудандарында егістік алқаптарын шегірткелер қаптап кетті»-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі.
Жәндіктер егіндіктерге зиян тигізуде.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар егістіктен түсірген бейнежазбаларын жариялап жатыр. Тұрғындар жергілікті биліктен жауап күтуде.
Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының айтуынша,- шегірткелердің пайда болуы мен таралуына мониторинг жүргізу бойынша, жұмыс күн сайын жүзеге асырылатынын хабарлады.Жангелді ауданында шегірткенің ең көп таралған аумағы 242 мың гектарға жуық, Амангелді ауданында 14 мың гектарды құрайды.
[youtube_embed]https://youtube.com/shorts/6X9oT8dHNjE?feature=share4[/youtube_embed]