Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Котлеттің дайындалу жолы

Фото: freepik

Котлеттер — бір ұшы үшкір сопақ-жалпақты пішінді өнім.
Котлетті массаны үлестейді, кепкен нанда қаттайды, пішін береді. Котлеттің қалыңдығы — 1 …2 см, ені — 5 см, ұзындығы —10… 12 см. 1 үлеске 1,2 дана.
Домалатпалар — жалпақ-домалақ пішінді, қалыңдығы 2.5 см, диаметрі 6 см өнім. Котлетті массаны үлестейді, қаттайды жəне пішін береді. 1 үлеске 2 дана.
Туралған шницель — қалыңдығы 1 см сопақ-жалпақша пішінді өнім. Котлетті массаны үлестейді, кепкен нанда қаттайды, пішін береді. 1 үлеске 1 дана.
Тефтелдер — ұнға аунатылған, диаметрі 3 см кішкене шар тəрізді өнім.
Котлетті массаны котлетке қарағанда аз мөлшердегі нан қосып дайындайды, майда туралған қуырылған түйінді пияз қосып дайындайды. Нан орнына бытырап піскен күріш (15% ет массасынан) қосуға болады. Дайын массаны үлестейді, пішіндейді жəне ұнда қақтайды. 1 үлеске 2.4 дана.
Туралған жаншылған ет үшін котлетті массаны аз мөлшердегі нан қосып дайындайды. Дайын массаны үлестейді жəне қалыңдығы 1 см домалақ пішін беріп, ортасына тураманы салады, жиектерін біріктіріп, сопақ жиегі бар кірпіш тəрізді пішіндеп, кепкен нанда қақтайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түс пен мінез

Redaktor Site

Күмістің қасиеттері

Redaktor Site

Неге жаңа киімді ең алдымен жуып кию керек?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz