Qazyr.kz порталы
Руханият

Көз тігіп

Көз тігіп

Жүргенімде арасында күлкінің,
Бермей қойса жүрегіме жыр тыным.
Ұзақтарға көз тігем де,күрсінем,
Ұқсас өтсе бір күніме бір күнім.

Зымырауда жүрдек уақыт тоқтамай,
Ағып түскен түнгі аспаннан шоқтардай.
Сыйласа алмай өтіп кеткен шақтармен,
Сатқындардың арқаға атқан оқтары-ай.

Сөнгенінше жанарыңның шырағы,
Өмір…
Өмір…
Сынақтардан тұрады.
Елең етіп үміт екен дейсің ғой,
Сыбдыр етсе көңіліңнің құрағы.

Таба алмай талай пенде шаршаған,
Бақыт қайда іздеп жүрген барша жан?
Не істер едің?
Өз-өзіме деп қоям,
Соңғы мәрте жұтар дем мен қалса дәм!

Шығыс пенен құбыланың ортасын,
Өмір деуге неге жүрек қорқасың?
Бақыт деген екі өмірге лайық,
Тілеп жүру топырақтың торқасын!!!

28.08.2017ж
Біржан Досжан
ЭХПО НЫ КӨРГЕНБІЗ

Ұқсас жаңалықтар

Софы Сматаев

Redaktor Site

Тауықтар жайлы қызықты дерек

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz