Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Көздің нашарлауының белгілері

Миопия – алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі, яғни сығырлық. Грек тілінен аударғанда «мио» – сығыраю, «опсис» – көру деген мағынаны білдіреді.
Дүниежүзінде әрбір үшінші адам миопиямен ауырады екен. Сондай-ақ бұл – жасөспірімдер арасында ең жиі кездесетін көз ауруы. Сығырлық көбінесе мектеп жасындағы балаларда бастапқы үш жылдан басталып байқалады. Сонымен қатар миопияның тұқым қуалайтын туабітті түрі де болады. Десе де, соңғы жылдары балалар арасында белең алып бара жатқан сығырлықтың басты себептерінің бірі – компьютер, ұялы телефондар мен планшеттер екенін жасырмауымыз керек. Күні кешке дейін қолынан тастамай планшет ұстап жүретін балалардың көзіне әдеттегіден он есе артық салмақ түсіп, көру қабілетін барынша зақымдайды. Сондықтан ата-аналар осыған мән бергендері жөн.

Миопияның пайда болу себептерін екі топқа бөліп қараймыз.
Жалпы ағзалық факторлар:
Ағзаны әлсірететін аурулар (анемия, дәрумен жетіспеушілігі);
Тұқым қуалаушылық (егер миопия ата-анасының бірінде болса, әсіресе, екеуінде де болған жағдайда баланың бұл ауруға шалдығу мүмкіндігі 70 пайызға артады екен);

Көру қызметіне әсерін тигізетін факторлар:
Жарықтың жетіспеушілігі (мектепте, үйде);
Оқыған, жазған кезде орындықта дұрыс отырмауы (орындық, үстелдің баланың бойына сәйкес келмеуінен, көлікте жүріп оқу, жатып оқу);
Күн тәртібінің дұрыс болмауы (мысалы, спортпен шұғылданатын балаларда сирегірек кездеседі, ал миопиялы балалардың көбінің омыртқа жүйесінде өзгерістер болып жатады.);
Көзге ауыртпалық түсіретін теледидар, компьютер, ұялы телефонды шамадан тыс қолдану;
Дұрыс тамақтанбау.

Аурудың белгілері:
Алыстан көрмеу;
Көздің бұлдырауы;
Алыстан жақынға немесе керісінше қарағанда көзге ауыртапылықтың түсуі;
Заттардың екі еселеніп көрінуі;
Алыстағы заттарды айыра алмау;
Алыстағы заттарды тану үшін көзді сығырайтып қарау.

Ұқсас жаңалықтар

Оңайгүл Тұржан — Айфон

Redaktor Site

Тісті ағартудың тәсілі

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz