Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Күлаш Ахметова

Аспан асқақ шатыр екен, ағатай,
Тірлік деген театр екен, ағатай.
Өмір сүріп жүрміз деген кейбіреу
Рольде ойнап жатыр екен, ағатай.

Бояулы әлем. Ашылады әр түстер,
Бедел- көкпар. Әр тұсынан тартысты ел.
Жайсаңдардың ролінде жасанды
Әрекетпен ойнайды сол «артистер».

Кең болса да қайран қазақ даласы,
Тар сияқты ағайынның арасы.
Айып болар бәрі жаман дегенім,
Жамандардың ауыр бірақ жаласы.

Біреу жақсы қозғай қалса бастама,
Жалғастырса жақсы емес па жас бала?
Өз басы үшін өлермен бір жігіттер
Жанып жатса қарамайды басқаға.

Күн нұрымен құлпырады өсімдік
Күннен сабақ алмай әбден есірдік…
Бағы барда құлдық ұрып адамға,
Сәл сүрінсе сәлемдеспеу не сұмдық?!

Бір жақсының қалып кеткен көзімін,
Көлгірлікті көрсем — бітер төзімім,
Әрбір төрге лайықты жақсы бар,
Әрбір заттың орны бар ғой өзінің.

Түсінбеген кейбіреулер күйрек дер,
Қас талантқа табынуды сиретті ел.
Аққуларға орын жетпей айдында
Маңғазданып майпаңдап жүр үйректер.

Ұсақтарға кетті менің ірі есем,
Жаныма іздеп біресе — өлең, біресе ем.
Қарау пиғыл, күйкі ойлармен, ағатай,
Қай қарудың күшіменен күресем?

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

“Ауа райы” әуенінің шығу тарихы

Redaktor Site

Мұхтар Әуезов

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz