Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Күлаш Ахметова-Інім

Мен көрмесем деп ем:
Төккенін көзіңнің мол мұң,
Шыққанын сөзіңнің солғын.
Менің өмірім бір кітап десем,
Үлкен ғой онда өзіңнің орның.
Бар күйі шертілген жоқ
Жастықтың сазының да әлі,
Жайлауым жазы құмындағы,
Сен бір қызық тараусың, інім!
Өмірімнің мазмұнындағы.

Сен кейде еске аларсың мені,
Елжіреп сағынарсың дағы.
Сөзімнің лағыл, асылдары
Сен емессің бе,
Тірлігімнің мағынасындағы.

Мен саған саясын тіледім
Шаңқайда шынар талдың да,
Өкпелетсең де, кінә арта алдым ба?
Үмітімді ақтадың ба сен?
Жылағанда қуанта алдың ба?
Жаман болсаң мені де құлатасың,
Жақсы болсаң аспанға шығарасың да,
Өмірде әлі талай сыналасың да.

Менің кітабымның жақсы болуы
Саған байланысты,
Ұға аласың ба?..
Өрмекшінің ізіндей ойлар
Санамды сызып торлайды,
Бір сазды үзіп толғайды,
Сен бақытты болмасаң, інім,
Менің өмір кітабым қызық болмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Дос туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Тоқаев: ҚХА қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты

admin_qazyr

Қожанасыр

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz