Qazyr.kz
БілімПайдалы кеңестер

Күнде көңілді жүрудің қағидалары

Адам табиғаты сан қилы. Біреулер көңілді жүргенді ұнатса, біреулер томаға-тұйық жүргенді қалайды. Десе де күнде көңілді жүргенген не жетсін, шіркін?!

Адам өз көңіліне өзі ғана жауапты. Болмашыға қабақ шытып, бұлқан-талқан болып ашуланудың түк те қажеті жоқ. Бастысы өз көңіліңізді өзіңіз көтере біліңіз. Олай болса сіздерге көңілді жүрудің 9 ережесін таныс етпекпіз.

1. Күнде күліп жүріңіз. Қайғыда да, қуанышта да бұлт астынан күн шығарын естен шығармаңыз. Жалғыз қалсаңыз да өзіңізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай біліңіз. Өзгелерге де күліп тіл қатыңыз. Көтеріңкі көңіл-күй сәттіліктің жаршысы бола алады.

2. Ұтқыр ойлай біліңіз. Кез келген жағдайдан шығар жол барын ұмытпаңыз. Шешілмейтін түйін болмайды. Келеңсіздіктен кейін қуанышты күн боларын сезініңіз. Мысалы, сүйген адамыңыз тастап кетсе, өмірден түңілудің қажеті жоқ. Сізді бағалайтын жан әлі алдыңызда деген сөз.

3. Өзіңізге үлкен сенім артыңыз. Күнде таңертең айна алдына келіп, күні бойы көңілді жүруге өзіңізді сендіріңіз. Өзгелер де көңілді жүруіне септігімді тигіземін деп ойлаңыз. «Менің қолымнан келмейді» деген ойды санаңыздан шығарып тастаңыз.

4. Өзгелермен жиі араласыңыз. Күніне кем дегенде 5 адамға қоңырау шалып, хал-жағдайын біліп тұрыңыз. Ағайын-туыс, дос-жаран, таныс адамдармен сөйлесу арқылы өзіңіздің де, өзгелердің де көңіл-күйін көтересіз.

5. Таза ауада көп серуендеңіз. Таза ауа мен күннің шуағы адам көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Күннен төгілген нұр адам миына пайдалы. Шуақты күнмен адам көңілі де шуақтана түседі.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Нәресте неше жасқа дейін омырау сүтін ішуі керек?

Redaktor Site

Үйде қалай балмұздақ жасауға болады?

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты