Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Күнге күюден қалай сақтанамыз?

«Күнге күю – терінің қабынуы. Қызарып, ісініп, күлдіреп белгі береді. Әрі қол ұстатпай ауыртады. Күн сәулесінің шамадан тыс мөлшерінің әсері қандай? Біріншіден, терінің жағдайы нашарлайды. Тері өзі бөлетін коллаген, гиалурон қышқылының мөлшері азаяды. Организмде осы компонеттердің жетіспеушілігінен птоз, әжім, терінің құрғақтығы пайда болады», – дейді тәжірибелі косметолог Саида Гасанова.
Маманның айтуынша, күн сәулесінен қорғанбаған жағдайда меланин пигменті өз жұмысын дұрыс атқармайды. Яғни, теріде қара дақтар пайда болады. Бұл дақтарды кетіру ұзақ процесс. Кей жағдайда тіпті кетіру мүмкін емес.
Косметолог күн сәулесінен қорғайтын жақсы SPF (Sun Protection Factor) мөлшері бар крем алу қажеттігін ескертті. Айтуынша, жазғы кезде әр үш сағат сайын SPF 50+ жағып жүрген дұрыс. Қыс айларында – SPF 30. Теңіз жағасына барған кезде SPF 100 кремін қолдану керек. Жағажайдан келген соң күнге күйгеннен кейінгі крем жағу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қателігі жастықтың біліне ме?

Redaktor Site

Дұрыс тамақтанбасаң не болады?

redaktor_qazyr

Адыраспанның пайдасы мен зияндылығы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz