Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Күріш арықтауға көмектеседі

Күріш диетасы – арықтауға арналған, әлемдегі ең танымал диета түрі. Біріншіден, денсаулығымызға өте пайдалы. Екіншіден, ағзаны тұздан, қажетсіз заттардан тазартады.

Қытай, Корея, Жапония мемлекеттерінде толық адамдар өте аз. Бұл күнделікті мәзірде күрішті көп жейтіндіктерімен байланысты болса керек. Бұдан өзге ішек жолының дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Яғни күріш диетасын ұстау арқылы арықтап қана қоймай, ағзаңызды тазартасыз.

Арықтауға арналған диетаны ұстамас бұрын, алдын ала дайындалу қажет. Ол үшін 5 стақанға 2 ас қасық күріштен салып, таза су құямыз. Төрт күн қатарынан күріштің суын ауыстырып отырамыз. Бесінші күні таңертең бірінші стақандағы күріштің суын төгіп, жеңіз. Айтпақшы күрішті қайнатудың қажеті жоқ. Кейін осы ыдысқа күріш салып, су құйып, соңғы қатарға қойыңыз. Күн сайын суын тазартуды ұмытпаңыз. Келесі күні де осы әрекетті қайталаңыз.

Күріш ағзаға түскен соң ол жердегі тұзды сыртқа шығарады. Ағзадағы тұз суды тез сіңіретіндіктен, оның еш пайдасы жоқ. Ағзада қалып қойып, арықтауға кедергі жасайды. Диета 2 аптаға созылады. Оны ұстап болған соң тамақтағы тұз мөлшерін азайтқан жөн. Әйтпесе диетаның арыктау үшін еш пайдасы болмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазан мен табаларды қалай тазалауға болады?

redaktor_qazyr

1 жастағы бала не істей алуы керек?

Redaktor Site

Ұйқы қану үшін қанша сағат ұйықтаған дұрыс?

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz