Неге мені іздемейсің мұнар түнде?
Дедің бе әлде тағы да шыдай түссін.
Атанып жүр екенсің сыңар кімге?
Құдай білсін…
Нөміріңді тағы да теріп тұрмын,
Өмір-ай бар ма әлі берер соққың?
Сол баяғы үйіңе келіп тұрмын,
Есерсоқпын…
Қоңырау соғам тағы, аларың жоқ,
Түнімен өзіңді ойлап көзімді ілдім.
Жіберген мың хаттарға жауабың жоқ,
Өзің білгін…
Енді мені іздеме құрып қалғыр,
Жоғалған сосын соңғы үмітті алдыр.
Қолыңдағы айфоның мен әперген,
Сынып қалғыр…
Құрып қалғыр…
Мейіржан Серікқалиұлы