Qazyr.kz порталы
Руханият

Күзде

Күзде

Күз де мұңлы жүректі алқымдаған,
Бақ та үнсіз жанары салқындаған.
Күдер үзген үміттен жігерім де,
Жайнап тұрған жалғанға талпынбаған.

Көз де төмен ұзаққа қарамайды,
Ес те өткен күндерді саралайды.
Рух та бияз сәуле емес түтін сынды,
Кетіп жатқан есесін санамайды…

Қателікті екі рет қайталаған,
Бұл күйімді кімге мен айта алам.
Құбылаға қарасам жасаураған,
Медет тауып жаныма жай табалам.

Жан бүрісіп кеудеде бойға налып.
Күрсінемін тұнжырап ойға қалып.
Күндер қайда шаттыққа толып тұрған,
Ойнап-күліп қайтатын тойға барып?!

Күз де мұңлы жүректі алқымдаған,
Бақ та үнсіз жанары салқындаған.
Күдер үзген үміттен жігерім де,
Жайнап тұрған жалғанға талпынбаған…

12.09.2024
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Ақ бата

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz