Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Күзде қант қымбаттауы мүмкін

«Күзде қант қымбаттауы мүмкін»,-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv— ға сілтеме жасап.

 

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұған көрші елдегі жағдай әсер етпек. Өйткені біздің нарық Ресей қантына тәуелді екені белгілі. Ел азаматтары тұтынатын тәтті өнімнің 75 пайызы сол жақтан жеткізіледі. Ал өзімізде шығарылатын қант жетпейді. Сондықтан көрші елде баға көтерілсе, қазақастандықтардың да қалтасын қақпай қоймайды дейді министр. Қазір елімізде бұл тауардың бағасы әртүрлі. Келісі 500-ден 760 теңгеге дейін сатылады. Айта кетейін, былтыр Ресей қант экспортын тоқтатып, бізде тапшылық болған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет экспорттауды бастайды

admin_qazyr

Алматының IT саласы мен креативті индустриясы қалай дамып келеді

admin_qazyr

2025 жылы 12,4 млн тұрғын газбен қамтылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz