КВАНТУН АРМИЯСЫНЫҢ #731-ШI ҚҰПИЯ ЖАСАҒЫ:
ӨЛIМ ИНКУБАТОРЫ
1949 жылы Хабаровскіде бактериологиялық қару жасап оны әскери тұтқындарға одан әрі сынады деп айыпталған 12 жапонның тағдыры шешілді.
Процесс ашық деп саналғанымен адамдар алдын ала бекітілген тізімдер бойынша залға кіргізілді. Соған қарамастан көшеде iлулi тұрған дауыс зорайтқыш жиналыс болатынын хабарлады. Ал жаңа жыл мерекесі жақындағанына қарамастан Офицерлер үйіне жүздеген адам жиналды. Оларды алаңдатқаны: өз тәжірибелерінде ресми деректер бойынша бірнеше мың қытай мен КСРО азаматтарын өлтірген жапондарға қандай жаза тағайындалады.
#731 жапон жасағының ісі Кеңес Одағында тиражбен кеңiнен басылып шықты. Тек «Правда» газетінде ғана тұтқынға алынған жапон ғалымдары олардың тәжірибелері және әрине Хабаровскідегі процесс туралы сөз болды. Содан кейін тіпті іс бойынша жинақталған материалдармен арнайы кітапша шығарылды. Ол тиражбен басылып 50 000 данамен сатылды. Содан бері көптеген жылдар өтсе де «бактериялық жағдайдың» бір бөлігі әлі де «құпия»деген грифпен сақтаулы тұр.
Жапондардың бактериялық қару жасап кейін оны әскери тұтқындарға сынағанына ешкім дауласқан жоқ. Тіпті Күншығыс елінің тұрғындары да. Құжаттар бойынша тәжірибе жүргiзген адамдар «бөрене» деп аталатын. Былайша айтқанда.
Осы процеске қатысушылардың бірі Ниси Тосихиде #731 жасақтың «күнделікті өмірін» былайша сипаттайды: «10 қытайлық әскери тұтқын газды гангрена жұқтырған жарылғыш бомбадан 10-20 метр қашықтықта бағаналарға байланған. Тоқты қосқаннан кейін бомба жарылып тәжірибеден өтушілер тұрған аумақты газды гангрена бактериялары бар снарядтар жапты. Нәтижесінде барлық тәжірибеден өтушілер аяқтарынан немесе бөкселерінен жараланып жеті күннен кейін азаппен қайтыс болды.
Бұл Кавасима Киосидің жауап алуынан үзінді: «Иә тұтқындардың барлығы өлді. Маған белгілісі түрме болған уақытта ол жерден бірде-бір тұтқын тірі шыққан жоқ. #731 жасағында жыл сайын шамамен 600 адам тәжiрибе жасаудан қайтыс болды. 1940 жылдан 1945 жылға дейін бұл өлім фабрикасынан кемінде 3000-нан астам адам өлімге әкелетін бактериялардың инфекциясын жұқтырды. Ал 1940 жылға дейін қаншасы өлді ол жағын мен білмеймін».
КСРО Ішкі істер министрі Сергей Кругловтың Сталинге жасаған баяндамасынан #731 жасағында жеке аэродромы бірнеше ұшақтар мен полигоны бар болғаны анықталды. Сондай-ақ «арнайы» бомбалар мен артиллериялық снарядтарды жасайтын зауыттар бактериялық қаруларға толы болған. Сонымен қатар олардың қарамағында тұтқынға алынған қытайлар мен КСРО азаматтары әкелінетін жеке түрмесі болды. Қолданыста болған «материал» өртейтін крематорийлерi де болды.
Жапон ғалымдары әскери мақсатта оба паратиф іш сүзегі тырысқақ сiбiр жарасы сынды басқа да инфекциялық бактерияларды шығарды.
Майор Кавасима Киосидің сөздеріне сүйене отырып Круглов инфекциялық аурулардың таралу процесін осылай түсiндiредi: «Адамдарды жұқтыру ауыз арқылы инъекция жәндіктер арқылы зертханаларда және тәжірибелік алқаптарда жүргізілді. Жаппай жұқтыру бойынша тәжірибелер ұшақтар мен арнайы мұнаралардан бактериялармен немесе жұқтырған жәндіктермен толтырылған бомбаларды тастау арқылы жүргізілді. Жеке тәжірибелерді жасауда адам өлімі 100 пайызға жетті».
Осы «өлім инкубаторының» басында генерал-лейтенант Исии Сиро тұрды. Ол сонымен қатар #731 жасақты құрушы әрі идеялық рухтандырушы болды.
Бактериялық қаруды шығаратын орталықты құру идеясы 1928-1930 жылдардағы шетелге сапардан туындады. Түрлі жұқпалы аурулардың қарабайыр сұмдығы әлі еуропалықтардың санасында өмір сүріп жатқанына жапондықты таң қалды. Әсіресе обаға қатысты болған. Исии ортағасырлық індеттерді оның мақсатына жетуге көмектесуі мүмкін деген ойға келді. Сонымен қатар ата-бабасынан қорқуы арқасында Еуропа елдері бактериялық қаруға қатысты тәжірибелер жүргізбеген. Тиісінше олар жауап қайтара да қорғана да алмады. Осылайша 1932 жылы Исии Сиро өзінің «өлім инкубаторын» құрды.
1945 жылдың тамызында Екінші дүниежүзілік соғыс аяғына жеткен кезде Сиро өзінің ізін жасырып барлық тәжірибе жұмыстары мен тұтқындарды жоюды бұйырды. Оның үстіне ол қол астындағы қызметкерлеріне және олардың отбасыларына өз-өзіне қол жұмсауға бұйрық берген.
Бірақ тәжірибеден өткендерге аман қалуға мүмкіндіктері болмады. Олар отырған камераларға сутек қышқылы (цианид сутегі) бар колбалар тасталды. Жазушы Моримураның «Шайтанның асханасы» атты мына бір кітабынан үзінді жолдар кездеседі: Олардың кейбіреулері бірден өлмей айқайлап камералардың темір есіктерін тарс-тұрс ұрып жаны шыққанша айқайлап кеуделерінiң терісiн сыпырып тастады. Біз құдды бір торда отырған ессіз гориллалармен бетпе-бет кездескендей болдық». Айтпақшы жапондар өздерінің көмекшілерін – қытай аудармашыларын да аямады.
1946 жылы Хабаровскіге барлық тұтқындардан жауап алу үшін бактериологиялық қару бойынша материал жинау туралы бұйрықпен шифрлiк хабарлама келді.
Хабаровск лагерлерінің бірінде адамдарға тәжірибе жүргізген үш генерал болды. Бұл Такахаси Кавасима және Казиция кейінірек сотталды. Жапондар құпия барлау қызметтерімен бар ықыласпен байланыс жасап олар өздерінің «жұмыстары» жайында егжей-тегжейлі айтты.
Жапонияның бактериялық соғысқа қарқынды дайындығы жайында Квантун армиясының толығымен берiлуiне дейін КСРО-да белгілі болды. Мәселе мынада, Қытай барлаушылары Маньчжурияның кедейленген Пинфинь ауылында пайда болған «аурухана» туралы ақпаратпен бөлісті. Көп ұзамай оны және Харбин қаласын жүк көліктері жүрiп отыратын жаңа асфальтты жолдар байланыстырды. Кеңестік барлаушылар әрине нысанды ерекше бақылауға алды.
1945 жылы 20 тамызда кеңес әскерлері Пинфиньге жақындады бірақ «аурухана» қиранды астында қалған болатын.
Хабаровскіде бар болғаны 12 адам сотта болғанын жоғарыда айтқанмын. Бірақ дәл осы #731 жасаққа тікелей қатысы барлар бар болғаны 6 адам болды.
Трибунал шығарған үкім көпшілікті таң қалдырды. Тек 4 генерал 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы біреуі — 20. Қалғандары аз — 2 жылдан 18 жылға дейін алды.
Кеңес Одағы АҚШ пен бірқатар Еуропа елдеріне өтініш жасап онда #731 жасақтың «ең мықты ғалымдарын» экстрадициялауды талап етті. Бірақ күткендей өтiнiш қабылданбады. Жапон бактериологтарын ешкім экстрадициялағысы келмеді себебі олар тым құнды болды. Айтпақшы АҚШ әскерилерінің айтуынша олар «тәжірибелерінің» бір бөлігін Кореядағы ұрыс кезінде пайдаланған.
Бірақ КСРО-ның құпия барлау қызметтері кем емес құнды «артефактілерді» ала алды. Сталиннің жеке бұйрығымен құрылған Свердловск-19 әскери биологиялық институты жұмыс істей бастаған тәжірибе базасына айналды. Лев Федоров «Кеңестік биологиялық қару» атты кітабында осылай сипаттайды: «Кеңестiк әскери биологтарының қолында Маньчжуриядағы ұрыс кезінде басып алынған биологиялық қаруды өндіру кешенінің техникалық құжаттары болған. Ал сол жапондық өндіріс кешендері кеңестіктерден әлдеқайда үлкен болды.
Демек #731 жасақтың бірнеше жүздеген «сарбаздарының» орнына бар болғаны 12 адам сотталғаны әбден қисынға келеді. Қалғандарынан осы уақытта максималды ақпарат алуға тырысты. Ал сотталғандар жазаларын толық өтеген жоқ. Олар 1956 жылы босатылып үйлеріне қайтарылды. Хабаровскіде осыған орай жапондар үшін банкет те ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасуға деген алғыс мiне осындай болған.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударған Қуаныш Нұрпейсов ( тарихшы)