Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратСаясат

Қырғызстанмен арадағы су дауында Кремль көсемінің сұлбасы көрінеді

Қырғызстанмен арадағы су дауында Кремль көсемінің сұлбасы көрінеді.

Мәскеу Ақордаға қырғыз билігі арқылы қысым жасамақшы. Санкцияға іліккісі келмейтін Қазақстан тыйым салынған тауарларды өз аумағы өткізуге қатаң шектеу қойған.

Тоқаевты тәубесіне түсірудің бір амалы — шантаж.Кремль идеологтары бастауын қырғыз жерінен алатын өзендердің (Шу мен Талас) шүмегін бұрап, су мәселесін саудаға салмақ. Батыспен арасы суый бастаған Жапаров билігінің Мәскеудің жетегіне еруден өзге амалы жоқ.

«Жапаров Кремльдің сөзін сөйлер болса, мұның соңы аймақтық деңгейден асып, халықаралық конфликтіге ұласады. Дамыған елдердің технологиясына сусап отырған Ресей әлгіндей саяси интригаға барудан тайынбайды. Қырғыз билігі трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы халықаралық құқықты табанға таптаса, бұдан Өзбекстан да зардап шегеді» дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Аймақ елдері үшін ауыз су тапшылығы өте нәзік мәселе. Аймақты «асырап» отырған Әмудария мен мен Сырдария секілді негізгі су артерияларының ернеуі тарылып келеді. Бұлар таяздана түссе Орта Азиядағы бес мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы да тежелері айдай анық.

Су мәселесінде Қазақстан қырғыз билігінің қас-қабағына қарауға мәжбүр. Шу мен Таластың арнасын реттеп отыратын бүкіл плотина, су қоймалары, басқа да көмекші құралдар қырғыз жерінде орналасқан. Бұл тұрғыда көрші елге кіріптар екенімізді Мәскеу де беске біледі.

Кремльден пәрмен келсе  Бішкек су мәселесін саяси саудаға салуы ғажап емес. Қырғызстан тарапы бұған дейін де су дауын «рычаг» ретінде қолданған. 2018 жылы екі елдің үкімет мүшелері Шу өзенін пайдалануға қатысты ортақ ұйғарымға келе алмай тарқасқан-тұғын. Сол жылы қысастық қылмаса да, былтырғы жылы қырғыз тарапы Шудың «аузын буып» тастаған. Салдарынан Жамбыл облысындағы 49 мың гектар суармалы жер күнге қақталған болатын.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев трансшекаларлық өзендерді пайдалану мәселесін БҰҰ мінберінде сөз етуі мүмкін.

Брюсселдің ескертуінен кейін «қара тізімдегі» тауарларды Қазақстан арқылы тасымалдау сап тыйылған еді. Санкцияның қамытын киген Ресей үшін Орта Азия осы күнге дейін логистикалық хабтың қызметін атқарып келді.

Тек былтырдың өзінде басқыншы ел аймақ арқылы  «Made in EU-де» жасалған 20 млрд доллардың (2 млн тонна) тауарын алдырған. Батыс бұған Қазақстанның сүбелі үлесі қосқанын біледі. Қару-жараққа қажетті жартылай өткізгіштер, микросхемалар, электроника және басқа да қат өнімдер қазақ жерін басып өткен.

Брюсселдің сабыры сарқыла бастағанын сезген Ақорда Ресеймен арадағы алыс-беріске қатаң бақылау орнатқан. Шекарадан кірген, шыққан тауар атаулы мұқият сүзгіден өтетін болған. Осылайша параллелді импорттың жолы кесілген еді.

Путин сырт көзге сыр бермегенмен, мұндайды кешірмесі белгілі. Тоқаевтың жағасына жармасуды Жапаровтың көмегімен жүзеге асырмақ. Қазақ пен қырғыздың арасына от салу сценарийін пысықтап жатқан Кремль идеологтары су дауын ұшықтыра түсуге мүдделі. «Осы арқылы Ақорданы сабасына түсіреміз, қазақтар алдымызға жорғалап келеді…» деп топшылайды. Тоқаев бұған көне қояр ма екен?…

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастағы ауыз су жүйелеріне күрделі жұмыс жүргізуге қанша қаражат бөлінгені анықталды

redaktor_qazyr

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

redaktor_qazyr

Түркістан облысына іс-сапармен келген Тоқаевқа әлдекімдер қастандық жасауға ұмтылған

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz