10.3 C
Шымкент
19-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ҚазірСаясатэкономика

Қытай Boeing басшыларының жүйкесін жүн қылуда

Қытай Boeing-пен арадағы ойынның шартын өзгертті. Енді аспан асты елі америкалық ұшақтарды «қабылдамайды». «Қабылдамайды» дегені – «бас тартты» емес. Келісім-шарттарын үзбейді, бірақ ұшақтың жаңа партиясын қабылдамайды. Бұл кәдуілгі Шығыс дипломатиясының сабырлы, бірақ суық тәсілі десек болады.

Бүгінде Қытай – АҚШ-тан кейінгі екінші ірі авианарық. Бірақ динамикаға қарасаң, алдағы онжылдықта Қытай бірінші орынға шығатынына ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ Қытайдың мәлімдемесі Boeing-тің басшыларының жүйкесін жүн қылғандай… Бір қызығы – осы жаңалық шыққаннан кейін Boeing-тің акциясы бар-жоғы 2, 5% ғана құнсызданды. Ал Airbus-тың акциясы 1, 5% өскен.

Бұл текетірестің артында технологиялық, қаржылық, логистикалық өзара байланыстардың тұтас лабиринті жатыр. Бүгінде Boeing пен Airbus-тың өндірістік портфелі он жылға дейін толып тұр. Қытайдан айырылу – ұзақмерзімді қауіп, бірақ бұдан олар бүгін-ертең банкрот болмайды. Сол сияқты қытайлық компаниялар бірден Airbus-қа қарай бет бұра алмайды. Өйткені Қытай екі өндірушімен қатар жұмыс істеп, сауда-саттықтағы келіссөз үстелінде стратегиялық артықшылықты барынша пайдаланғанды жөн санайды.

Осы тұста Қытайдың С919 атты отандық лайнері жайында аз-кем айта кетсек. Бұл ұшақ Boeing 737 мен Airbus A320-ның баламасы ретінде жасалған. Бірақ ол – шын мәнінде 60-70% шетелдік компоненттерден құралған гибрид. Қытай өзінше өндіріс жасамақшы, бірақ әрбір ұсақ бөлшектің лицензиясы мен стандарты батыстың қолында.

Қазір Airbus жылына шамамен 820 ұшақ шығармақшы. Бұл – күніне 2, 5 ұшақ. Бірақ жеткізушілердің тежегіш факторына байланысты бұл көлемнің 300-і қағазда ғана қалуы мүмкін. Оның үстіне Қытайға қырын қараса, Бейжің Airbus-пен де арадағы қатынасты суытып жібере салады. Мұндай жағдайда Boeing пен Airbus екеуі де қақпанға түседі.

Ал Қытайдың С919 ұшағы ше? Оны АҚШ санкция тізіміне енгізе салады. Мұндай жағдайда ол да ресейлік SSJ100 мен MS-21 секілді «жартылай ұшақтардың» күйін кешеді. Бірақ Қытай жаһандық авиациядағы билік үшін күрестің келесі кезеңіне көшеді. Ал Boeing пен Airbus аспан асты елінің келесі кезеңге қадам басуын мүлде қалмайды.

Нұрлан Жұмахан

Ұқсас жаңалықтар

Әзербайжан «Россотрудничество» агенттігін елден шығару туралы шешім қабылдады

redaktor_qazyr

Мектептегі жемқорлықты тоқтату үшін – комиссияны тоқтату керек

redaktor_qazyr

Шымкентте 6,8 млн теңгені жымқырған мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz