18 -24 жылдардағы Қызыл қастылар көтерілісi. Бұлай аталуының себебі — көтерілісшілер үкімет әскерлерінен айырмашылығы болуы үшін қастарын әдейі қызыл бояумен бояп алған. Хань әулетін биліктен ығыстырған император Ван Манның сәтсіз реформаларының нәтижесінде Ежелгі Қытайда қайшылықтар күрт өрши түсті. Заңды бұзғандардың барлығын өз отбасыларымен қоса сондай-ақ көрші отбасылармен намысына кір келтірмес үшін мемлекет құлдарына айналдырады. Жыл сайын жүздеген ер адамдар мен олардың отбасылары құлға айналдырылды. Сотталғандар өте ауыр жұмыс атқарды: жолдар салды каналдар қазды қабырғаларды тұрғызды. Қуаңшылық су тасқыны жылдарында халықтың жағдайы одан бетер нашарлады. Кедейлер өз балаларын әйелдерін тіпті өздерін құлдыққа сатуға мәжбүр болды. Әдетте көтерілістерді кедейлер немесе қашқын жауынгерлер басқарды. Көтерілістерге қатысушылар қалаларды басып алып азық-түлік қоймаларын тонаған шенеуніктерді өлтірді. «Қызыл қастылардың» көтеріліс жетекшісі Фань Шун кедей шаруа болды. Қытайдың шығыс аймақтарының тұрғындарының басым бөлігі кедейлер болды.
Көтерiлic халық бұқарасының ауыр жағдайына байланысты туды. Біздің заманымыздың 17 жылдың аяқ шенінде Шаньдун провинциясының оңтүстігіндегі Цзюйсян уезiнде басталды. Көтерілісті Фань Чун деген кедей шаруа басқарды. Бір жылдың ішінде көтерілісшілердің саны 10 мың адамға жетті. Кедей шаруалардан жалдамалы жұмысшылар мен құлдардан құралды. 21 жылы олар үкімет әскерлерін император Ван Манның 100 мың әскерін тас-талқан етті. Алайда 27 жылдың бас кезінде Қызыл қастылар жеңіліске ұшырады.
Император көтерілісті басу үшін сол кездегі тамаша әскери стратегтерді жіберді. Бірақ олардың мүмкіндіктеріне қарамастан олар көтерілісшілермен шайқаста жеңілді. Себебі: тонап өлтірген жергілікті халықтан қолдау таппады. Ван Ман тіпті түрмеден босаған тордағы түрлі жануарлар мен жыртқыш аңдарды әсiресе арыстандардың жолбарыстардың қабыландардың және басқа да үй жануарларының көмегімен жеңіске жетуге тырысты. Көтеріліс сәтті болған кезде оның қатарына Хань әулетінің ақсүйектері де қосылды. Көтеріліс билікті үрейлендiргенi соншама олар уақытша жеңілдіктер жасап қалың бұқараны қанауды тоқтатты. Ван Манның орнына келген Хань әулетінің өкілі кедейшіліктің кесірінен ата-анасы құлдыққа сатып жіберген балаларды босатып салық төлемдерін азайтып император Ван Манның қол астындағы кеткен жерлерді жартылай қайтарып берді. Қызыл қастылар көтеріліс деп аталатын ірі халық көтерілісі бірнеше себептерге байланысты жеңіліске ұшырады. Көтерілістің стихиялық сипаты көтерілісшілер Ван Маңның тұрақты әскеріне тиімді қарсы тұру үшін жеткілікті ұйымшылдық пен тәртіпке ие болмады. Көтерілісшілердің келісілген әскери әрекеттерге әкелетін нақты жоспары да болмады көтеріліс басшылары мемлекеттегі саяси өзгерістерді қаламады. Көтерілісші халық аңғылдықпен мұның бәрі жаман патшада оны өзгерту керек сонда ғана өмір жақсы жаққа өзгереді деп сенді. Көтеріліске қатысқан халықтың кедей топтары көтеріліс басшыларына алданып үстем таптың – Хань патшалығын қайтару талабын қолдап келді…..