ӘмбебапМәдениет

Латын харпі керек емес

Біз бұрынғы араб харпімен жазылған әдебиет, тарихымызды оқи алмай қалдық…Дәл сол сияқты, егер латынға көшсек, онда кейінгі ұрпақ кириллицамен жазылған 100 жылдық әдебиет пен тарихты тағы да оқи алмай қалады… Мыңдаған, жүзмыңдаған, миллиондаған әдебиет пен тарихты ешкім латын харпінде қайта басып шығармайтыны түсінікті… солайша, 200 жылдық әдебиетіңіз бен тарихыңыз 99% жоғала ма?.. Жоғалады…

Солайша өзінің төл әдебиеті мен төл тарихын қақпайтындар, өзін танымайтындар, өзегін білмейтіндер эстафетасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгүрттер тізбегі үзілмей кете береді…

Өзін танымайтын ел қайдан дамысын…

Қазақтың (жалпы түркілердің) басының біріккенін, дамығанын қаламайтындардың саясаты 100 жыл бойы жүзеге асып келе жатыр…

Латынға көштік делік. Онда бір сөзді он түрлі етіп әркім білгенінше жазып, бір ұрпақ жаппай сауатсыз боп қалыптасатыны түсінікті…

Сосын келесі ұрпақ енді ғана латынша жорғалай бергенде қайтадан харіп ауыстыратын болады…. оны біз көрмейміз…. егер қазақ осы алауыз бетімен кете берсе, солай болатынына, әлемдік саясат тізгінін ұстаушы жауыздар 100 жылдан кейін тағы да қазақ сорлының харпін ауыстыратынына (әдейі солай жасайтынына) 100% кепілдік берем…

Әрине, менің бұл «кепіл» жазбам ол кезде Шекербектің Фейсбугы жойылмаса, дәл осы бетте «шаң» басып жатады, ешкім оқымайды да, «Сәуле деген бір көріпкел осылай депті, қалай дәл айтқан-ә?!..» деп ешкім таңғалмайды да…)) Ол кезде казахстандык роботтар «латыницада каламыз ба, кириллге кошемиз бе?» деп бик-бок желісінде шулап жататын болады…) Ол уақта фейсбугымен бірге Шекербектің де, осы парақшаммен бірге менің де сүйегім жер астында шіріп жоқ болған…)()

Қой, құрысын, ұйықтайық… әркім ббж… Қайырлы түн!..

Пысы: О заманда да билік пен халық дәл осы картинадағыдай боп қала береді…

Суретті Қазыбек ағадан алдым. Әбілхан Қастеевтің саяси шедеврлерінің бірі… «Билік пен халық»…

Автор: Сәуле Әбілдаханқызы

 

Ұқсас жаңалықтар

Фариза Оңғарсынова — Анама

redaktor_qazyr

Абай Құнанбайұлы

redaktor_qazyr

Сұрау белгісі қай кезде қойылады?

redaktor_qazyr

Пікір жазу