Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Лимонның қандай пайдасы бар?

Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда, өте жақсы көмек береді. Шөлді қандырады.Лимон шырыны жүйке жұмысын реттеп, қан қысымын төмендетіп, қан жоларын тазалап, ревматизмнен жазуға көмек береді.Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынын 2 тамшысын қосып, қызыл иектің қанауын мен қабынуын төмендетеді.

Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғалдандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырынын мен 2 шәй қасық балды ыдысқа салып, араластырып жағады.Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден де арылтуға пайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері тазаланады.Тері күйгенде лимоннаен компресс жасап, 1 күн байлап ұстаңыз. Жазылуды тездетеді.

Уланғанда шырынын жылы суға салып, ішсе, токсиндерді шығарады.Етеккір қатты келгенде әйелдерге лимон шырынын ішу пайдалы.Алма мен лимон шырыны араласқан шырын дизентерия кезінде ем.

Жүрек әлсіз болғанда, лимон қабығын шайнайды.Мұрыннан су аққанда, 4 тамшы шырынды мұрын қуысына күніне бірнеше рет тамызады.Мұрын қанағанда шырынға мақтаны батырып, қояды.Ангина кезінде 1 стақан жылы суға жемістің шырынын араластырып, тамақты шаяды.

Лимон дақты кетіреді. Былғары киіміңізге сия тамып кетсе, лимон шырынына батырылған шүберекпен сүртіңіз. Киімге фломастер не маркер тигізіп алсаңыз, аз ғана лимон шырыны мен тұз сеуіп тастаңыз. Кейін жуып тастаңыз. Металл ыдысты лимон қабығымен сүртсеңіз, жарқырап шығады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

АЙРАННЫҢ ПАЙДАСЫ

redaktor_qazyr

Ұлықбек Есдәулет

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz