Qazyr.kz
Білім

М.Жұмабаев- Түн еді

Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды,
Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды.
Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп,
Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды.
Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде,
Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде
Жас бала. Жолдасым жоқ, жапа-жалғыз
Мен келе жаттым батып қанды терге.
Көзімнен жас ақпады — қандар ақты,
Табанды тілгіледі тастар қатты.
Қарқылдап қиқу салып қарға-кұзғын,
Жалпылдап жүрегімді шоқып жатты.
Шашымды жұлды әлдекім талдап-талдап,
Ыстық жас домалады көзден парлап.
Есіркеген жалғыз жан болды ма? Жоқ!
Жыладым жапан түзде жалғыз зарлап.
Әлдекім: «Тәйт! Шығарма үнің!-деді,-
Сен — бір мал, бір бес байтал — құның,- деді,-
Шоқысын қарға-құзғын жүрегіңді,
Тырп етпе, жылама да, күнім!-деді.-
Ойлама,- деді,- Күнді, сен — мал, күңсің,
Сексем де, соқсам-дағы шыда, көн сен.
Шыдамасаң, қарсы «ләм» деуші болма,
Тұншығып көз жасыңа көміл, өл сен!»-
Деді де сол әлдекім сылқ-сылқ күлді,
Сол күлу жүрегімді жүзге тілді.
Күйік кеулеп, жүрегім от боп жанды,
Жұбатуға сол кезде қайсың келді?!
Ашу кернеп, уланып, жанып іштен,
Жалынған бәріңе де мен емес пе ем?!
Сол уақыт: «Бас жақсысы — пәлен ат!»- деп,
Саудаласқан, ағекем, сен емес пе ең?

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Пендеміз

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Брокколидің пайдасы

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты