Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Мақтаралда мектепке оқушыны хиджаппен кіргізбегені үшін директорды соққыға жықты

«Мақтаралда мектепке оқушыны хиджаппен кіргізбегені үшін директорды соққыға жықты»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz -ке сілтеп.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі ер адам қылқындырып,соққыға жыққан.Бұған себеп,мектепке хиджап киген оқушыларды кіргізбегендігімнен осындай қысым көрсетілді дейді заңгер Айгүл Орынбек Qaz365.kz тілшісіне.

«Бұл оқиға күні кеше болған. Жанар Сапар жұмысқа бара жатқанда екі сақалды жігіт тоқтатып, мойнынан қылқындырған. Жарақат іздері бар. Машинадан сүйретіп түсірген. Аяғы шыққан. Қайта мектеп директорының орынбасары, тәжік жігіті келіп көмектескен. Сосын мектепке апарып, жедел-жәрдем шақырған. Сақалды жігіттердің талаптары мектептегі орнын босат деген», — дейді Айгүл Орынбек.

Заңгер мұндай оқиғалар бұрында да болған деп отыр. Жағын сындыру, қылқындыру секілді жағдайлар бірнеше рет кездескен.«Қанша арыз-шағым жазсақ та, полиция қызметкерлері қарамай, жауып тастай береді. Бұл жолы да солай болды», — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті болып сайланды

redaktor_qazyr

CONNECTED сарапшылары болашақ туралы маңызды жаһандық нарративтерді талқылады

redaktor_qazyr

Шардарада 5400 түп ағаш егілді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz