Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев: Манипуляцияға жол беруге болмайды

Магнум сауда желісінің жұмыскері қазақ тілін білмегені үшін жұмыстан қуылғанына байланысты және бұл инсиденттің қоғамда үлкен талқылау тудырғаны жөнінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өз ойын айтты деп хабарлайды Qazyr.kz

«Мен бұл мәселені зерттедім, қарадым. Бұл тек Еңбек кодексі аясында реттелетін дүние. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, қазақ тілі қорланып жатыр деген әңгіме емес. Бұл – жеке бастың дауы. Осыны жазып алған бейнекамералар жоқ.

«Қандай әңгіме айтылғанын біз білмейміз. Сол себептен, менің ойымша, Магнум да, қоғамдағы көп белсенділер де тек манипуляцияға алданып отырған сияқты. Ол біздің ішіміздегі кәсіпкер, қаншама қызмет беріп жатыр. Қаншама қазақ жастары Магнумда жұмыс істеп жүр. Одан қалса, екі қазақ баласының арасындағы конфликт.

Менің ойымша, одан бір дау тудырып, қаншама адам жұмыссыз қалады деп, бұлай айту қажет емес  деп есептеймін. Сіздер де, бұқаралық ақпарат құралдары, осындай тексерілмеген, нақты ақпараты жоқ, баяғыда айтатын еді ғой «самаурыннан су кетті десе, Самарқандты су алды деген» әңгіменің пұшпағында кетудің қажеті жоқ. Қою керек қой ондай нәрсені. Ол біздер Парламентте немесе сіздер талқылайтын дүние емес», — деп сөзін қорытындылады депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанға алпауыт Amazon интернет дүкені келе жатыр

redaktor_qazyr

Мемлекеттік қызметтегі жастарға зор үміт артамыз — Думан Әбілев

redaktor_qazyr

Тараз қаласының дәмханасының бірінде ер адам нанға қақалып,қайтыс болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz