Соққан боран тоқтады өктемденіп,
Көшкен бұлттар барады, бөктерді еміп.
Қалай ғана байқамай қалдым екен,
Көктем келіп қалыпты-ау, көктем келіп..
Күннің саумал сəулесі-иігені.
Иіген соң, ақ жауын жиіледі.
Тау басында тақия қар қалдырып
Бөкен-бөктер..көктемше киінеді.
Кейде күннің қабағы бұртияды,
Бұлт астынан сығалап.. бір қияғы.
Кенет, күліп жіберсе нұрын төгіп
Алақайлап, бəйшешек қылтияды.
Қардың суы жиылып етекке кеп,
Абыр-сабыр, қайтқан құс..секек-секек.
Өзімшілдеу бір дауыс естіледі,
Білдім, білдім..
Ол сұлу, Көкек.. «кө-кек».
Бүлк-бүлк етіп ауылдың ақ бұлағы,
Шыңыраудан шырын-су тартқылады.
Көк шыбықты «жүгендеп» мінген бала,
Қиял қуып, армансыз шапқылады.
Құдай- шебер!
Нұр құйған ғаламға əне..
Қам жасауда табиғат, таранғалы.
Шүңкіл-шүңкіл..топтанып əңгіме айтқан,
Шіркін, қандай, ауылдың адамдары.!
Көріп тұрмын, көк бұлттың сүгіреттерін,
Аспан астын кетті екен, иректеп кім.?!
Жаусын,жауын.!
Табиғат тангосына,
Билеп кеткім келіп тұр, билеп кеткім…