Триместрден құралатын Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады. 20 маусымда алғашқы триместр аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығады. 1 қыркүйек пен желтоқсан аралығында екінші триместр, ал қаңтар мен наурыз айларында үшінші триместр болады. Көктемгі бір апталық демалыстан кейін бір сыныптан екінші сыныпқа өту үрдісі жүреді.
Жапонияда мұғалім мамандығы тек ер адамдарға тән. Әйел адам ұстаздар өте аз.
Көп Жапония мектебінде асхана болмайтындықтан, олар тамақты сыныпта отырып ішеді.
Чехияда демалыс жаз бен қыс айларында болады. Жазғы демалыс 2 айға созылады.
Еліміздегідей Чехияда да 2, 3, 4, 5 сынды бағалар қояды. Алайда олар үшін «5» — ең нашар, ал «2» — ең жақсы баға болып есептеледі.
Чехияда бір мұғалім бірнеше пәнді жүргізеді. Мысалы, әдебиет пәнінің ұстазы дене шынықтыру сабағын да өткізеді. Ал келесі бірі чех тілі мен ән айтуды, химияны жүргізуі мүмкін.
Финляндияда оқушыны өз еркінен тыс шақыруға болмайды. Оқушылардың кемшілігін өзге сыныптастарының көзінше айтуға тыйым салынады.
Фин мектептерінде сыныпта бір сабақты екі ұстаз өткізеді. Олар – ұстаз бен оның көмекшісі.
Финляндия мектептерінде әр сабақ аяқталған сайын оқушылар далаға шығып отыруы тиіс. Және жыл мезгілі мен ауа райына қарамастан міндетті түрде шығады.
Куба мектептерінде жоғары сынып оқитын оқушылар белгілі бір мамандықты игере бастайды. Қалалық жерде оқитын оқушылар 5-7 аптаға ауылға барып жұмыс істейді.
Алдыңғы
Келесі