17.3 C
Шымкент
14-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Ауыл шаруашылығыБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Су кодексіне қол қойды

Кодекстің бірінші блогы су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға бағытталған. Заңнамаға алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Бұл азаматтар мен ел экономикасын су тапшылығынан, ал су нысандарын ластанудан қорғауды, сондай-ақ трансшекаралық су нысандарын қорғау мен пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүддесіне қызмет етеді.

Екінші блок саланы басқару тәсілдерін қайта қарастырады. Онда су ресурстарын қорғаудың басым бағыттарына, шешім қабылдауға жұртшылықты кеңінен тартуға және су шаруашылығы бассейндері негізінде басқаруға мән берілген.

Үшінші блок су тасқынының, судан келетін зиян мен залалдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

Төртінші блогта су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау қатаңдатылды. Бассейндік су инспекцияларына мемлекеттік бақылау функциясынан бөлек, жедел әрекет ете отырып мемлекеттік қадағалау жөніндегі өкілеттіліктер берілді.

Бесінші блок гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді

redaktor_qazyr

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев инвесторлармен кездесу өткізді

admin_qazyr

Ақсукентте масайған ер адам жас жігітті көшеде ұрып,өлтіріп қойды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz