Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады.
Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.. 

Ұқсас жаңалықтар

Көлікті қалай жүргізіп үйренуге болады?

redaktor_qazyr

Той өткізудің жалпыға бірдей тәртібі жасала ма?

Redaktor Site

Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz