16.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мемлекет Құлыбаевқа тиесілі 54 нысанды қайтарып алды

Өткен жылы мемлекет олигарх Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы «ТЭК-Қазақстан» компаниясынан «Кипрос» ЖШС және «Joint Technologies» ЖШС арқылы заңсыз алынған 54 нысанды өз меншігіне қайтарды.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, мемлекетке қайтарылған нысандардың қатарында отын қоймалары, ғимараттар, құрылыстар және басқа да негізгі қорлар бар. Сонымен қатар, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық орталығына тиесілі багаж терминалы мен жер учаскесі де мемлекет меншігіне өтті.

Заңсыз алынған активтерді қайтару процесі
Өткен жылы билік заңсыз жекешелендірілген бірқатар нысандарды қайтару жұмысын жүргізді. Бұл шара активтердің бастапқы иесіне – мемлекетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Осылайша, мемлекет стратегиялық маңызды нысандарды өз бақылауына қайтарып, заңсыз иемденудің алдын алуды жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктеріне қатысты үкім шықты

admin_qazyr

Ұзақ жылдан соң табыстырған заман

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев су тасқынына қатысты үндеу жасады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz