Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мемлекеттік білім ордасындағы директорлар қанша жылдан кейін ротацияланады және не үшін ротациялануы керек?

Мемлекеттік білім ордасындағы директорлар қанша жылдан кейін ротацияланады және не үшін ротациялануы керек?Бұл сұраққа жауапты Qazyr.kz тілшісі іздеп көрді.

Мектеп басшыларының ротациялаудың мақсаты білім сапасын көтеру, мектептерді білікті басшылармен қамтамасыз ету болып табылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады.Бір білім беру ұйымын 7 (жеті) жыл басқарған бірінші басшы ротациялауға жатады.

Жыл сайын ротациялауға жататын бірінші басшылардың тізімі қалыптастырылады.
Білім басқармалары бірінші басшыны ротациялауға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей алдағы ротация туралы жазбаша хабардар етеді.Қалыптастырылған тізімді ұсынғаннан кейін Білім басқармасы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бірінші басшының жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері бойынша есепті қалыптастырады.

Есепті қалыптастырғанан кейін әрбір бірінші басшыға электрондық портфолио қалыптастырылады және құжаттар ротация жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Комиссия 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған әрбір бірінші басшы бойынша портфолионы қарайды және білім беру ұйымын көрсете отырып бірінші басшылар арасындағы ротациялауды өткізу туралы; лауазым шегінде бірінші басшылар арасында ротациялаудан бас тарту туралы немесе білім беру ұйымын көрсете отырып лауазым шегінде ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

Басқа елді мекенге ротациялау кезінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, ал қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, басқа елді мекенге ротацияланған директорларға ротациялық төлемдер төлеу қарастырылмағандықтан ауылдық елді мекендерде ротациялау тек директордың келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Өткен жылы 385 мектеп директорлары ротацияланды. Биыл 2024-2025 оқу жылында ротацияға жататын 185 директордың 25-і ротацияланды. Жылдың соңына дейін қалған директорлар ротациядан өтетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандыда 5 көлік соқтығысқан жол апаты болды

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Дәурен Айманбетов — Мен… Ол…

Redaktor Site
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты