Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамэкономика

Мемлекеттік тұрғын үй: басымдық кімдерге беріледі?

2025 жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу тәртібі айтарлықтай өзгереді. Осы күннен бастап еліміздің тұрғын үй саясатына қатысты заңнамаларға енгізілген түзетулер күшіне енеді деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алу процесі жаңартылып, қолжетімді бола түсті. Енді пәтер алу рәсімі жеңілдеп, әділ әрі ашық жүйе қалыптасады. Бұл өзгерістер мемлекеттік тұрғын үй саясатының жаңа бағытын білдіреді. Кезекке тұру жүйесі жаңартылады.

Бұдан былай тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барлығы біртұтас кезекке қойылады. Бұл кезекті  Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы басқаратын болады. Бұған дейін бұл қызметті әр өңірдегі әкімдіктер атқарып келген еді.Барлық өңірлердегі кезекте тұрған азаматтардың тізімі осы орталыққа беріліп, бірегей базаға біріктіріледі. Бұл қадам процестің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кезек екі ағымға бөлінеді

Жаңа өзгерістерге сәйкес, кезек екі негізгі ағыннан тұрады:

Басымдық берілетін азаматтар :

ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;

Басқа мемлекеттердегі әскери қатысқа қатысқан соғыс ардагерлер;

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналар;

Көпбалалы отбасылар;

I және II топтағы мүгедектер;

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар;

Осы топқа жататын азаматтарға тұрғын үй қорынан 70% үлес беріледі.

Жалпы кезекте тұрған азаматтар – оларға қалған 30% көлемінде тұрғын үй ұсынылады.

Бұрын бұл жүйе бірыңғай болмағандықтан, көп жағдайда басымдық иелерін өткізіп отыруға тура келетін. Бұл жалпы кезекте тұрғандардың жылдар бойы кезектің жылжымай қалуына алып келетін. Енді бұл әділетсіздік жойылып, әр топқа нақты үлес бөлінеді.

Кезекке тұру және құжат рәсімдеу енді электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кезектің жылжуын нақты уақыт режимінде бақылауға болады.

Жаңа жүйе Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспанаға әділ жолмен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік әділеттілік сақталып, қолдау нақты мұқтаж адамдарға бағытталады. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттырып, елдегі тұрғын үй саясатының тиімділігін жаңа деңгейге шығаратын маңызды қадам.

 

Ұқсас жаңалықтар

Дос-Мұқасан тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

redaktor_qazyr

104-жасқа келген ақсақалдың айтқан өсиет əңгімесі

redaktor_qazyr

Су тасқыны болған жерлерде 3 мыңға жуық мед-қызметкерлер көмек көрсетуде

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz