Qazyr.kz
Мәдениет

Мен сені…

МЕН СЕНІ…
(Ескі дәптерден)
Мен сені енді ешқашан сағынбаймын,
Алау боп жүрегіңде жағылмаймын.
Қалады қалт-құлт етіп, болар-болмас,
Көңілдің түкпірінде сағымдай мұң.

Мен сені көңіл — көктен өшіремін,
Көрінбес, бұлттан ары көшіремін.
Байырғы ғашықтардай өліп-өшіп,
Алмаймын күндіз-түні есіме мың.

Мен сені өмірімнен аластаймын,
Жүрек пе… онымен де санаспаймын.
Бұрынғыдай екіұдай сезімменен,
Өзіммен ерегісіп, таласпаймын.

Мен сені болмағандай ұмытамын,
Жанымды өлеңіммен жылытамын.
Жаралы жүректерге шуақ болам,
Күн сайын тамылжитын ұлы таңмын.

Мен сені енді мүлде танымаймын,
Көрмеймін, келбетінен жарық айдың.
Жүрегім ада мұңнан, сағыныштан,
Тазартқан, шайып бәрін теңіз айдын.

Мен енді күн кешемін алаңдамай,
Жәудіреп тұрған тұнық жанарлардай.
Жүрегім менен бұрын алып-ұшып,
Жүгірмес ендігәрі саған қарай.

Мен солай бейсанамды таңбалаймын,
Сезімім! Ақылға кеп байланайын…
Соңым күн, алдым түн ғой көлеңкелеу,
Жарық бер, өлеңім-ау, айналайын…

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Отбасындағы жоқшылық пен кедейліктен құтылу үшін оқылатын дұға

redaktor_qazyr

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты