Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Менің ауылым

Бақасы шуылдаған,
Қынасы жуылмаған.
Қыраны зуылдаған,
Қанық-ақ бала күнгі,
Ауылдың сыры маған.

Лақтар ойнақтаған,
Жотаны қой қаптаған,
Түйе ізі сойдақтаған,
Ауылым, сағындым-ау,
Еш нені ойлатпаған.

Жақсыны жиі ұқ деген,
Жамандық — күйік деген,
Жаны жоқ күйіттеген,
Ауылым, қаталдығың,
Басымды иіп келем!

Атаның тапсырығын,
Апаның жақсы ырымын,
Дейтұғын бақ шырыным,
Ауылым, көрсетпедің,
Береке тапшылығын!

Ұялы құздарыңнан,
Көк керіш мұздарыңнан,
Үскірік зығарыңнан,
Ауылым, қуанамын,
Мен басқан із барынан!

Дәстүрмен санасып әр,
Беделін сан асырар,
Ақылдың сарасы бар,
Ауылым, ойсыздарды,
Оятар шамасы бар.

Өскені — дәмің деймін,
Ескенім — әнің деймін,
Кешкенім — сәнің деймін,
Ауылым, қайда жүрсем,
Мен сені қадірлеймін!

Ұқсас жаңалықтар

Дұшпаның жара салғанда…

redaktor_qazyr

Асылзат Арыстанбек

Redaktor Site

Қарлығаштар жайлы қызықты деректер

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz