Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Менің бақытым, достар!

Мөп-мөлдір аспаным бар,
Өзімдік асқарым бар,
Бастаған дастаным бар,
Мен бақыттымын, достар.

Нұр құйған даламда күн,
Түскен жоқ жанарға мұң,
Шықты алдан бар арманым,
Мен бақыттымын, достар.

Үлесім — өнер білім,
Табысым — өлең-жырым,
Өрге өрлеп келем бүгін,
Мен бақыттымын, достар.

Самғайтын қанатым бар,
Үнім бар дала тыңдар,
Ақ тілеу ана атым бар,
Мен бақыттымын, достар.

Әкемдей сая маған,
Құшағын жаяр алдан,
Елім бар аялаған,
Мен бақыттымын, достар!

Ұқсас жаңалықтар

Әке

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ми жұмысын 20 минутта жақсартуға болады

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz