Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мергүл Асылханова — Кім үшін сонда.!

Біреу көріп қалмасын деп,
Ұят болып қалмасын деп,
Намыс өліп қалмасын деп
Жасырынудан шаршадым.

Жаман сөз ермесін деп,
Сұқ пен көз ермесін деп,
Дұшпан безермесін деп,
Тасаланудан шаршадым.

Туыс ренжімесін деп,
Жаным елжіресін кеп,
Бəрін «Сен білесің» деп,
Жалтақтағаннан шаршадым.

Қалды сұрай ма деген,
Əлде сынай ма деген,
Дұрысы — былай ма? деген,
Сұрақтардан да шаршадым.

Əдейі қырсығып жүрген,
Мұңды жыр сығып жүрген,
Іштен тұншығып жүрген,
Өзімнен де шаршадым.

Өтірік батыл болудан,
Жатқа жақын болудан,
Жылауық ақын болудан,
Шаршадым!

Ағат па, күлеміз естіп,
Бұл ісім сонда.
Өмірді сүреміз өстіп,
Кім үшін сонда?

Ұқсас жаңалықтар

Қожанасыр

Redaktor Site

Күлаш Ахметова

Redaktor Site

Кофеден дәмдеуіш жасауға болады

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz