Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Мидың жұмысын арттыру үшін не істеу керек?

Мидың жұмысын арттыру үшін не істеу керек?

1. Жаңа орын
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иістер
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хощ иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз.Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз — бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабылетін жақсартады. Сондай-ақ, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі.

4. Қол жұмысын ауыстыру
Әдетте тісіңізді жуғанда щетканы оң қолыңызға ұстайсыз ба — ауыстырыңыз. Тамақты сол қолмен жейсіз бе — ауыстырып көріңіз. Тінтуірді де біраз уақыт сол қолмен пайдалануды әдетке айналдырыңыз.

5. Жаңа гардероб
Әр күні әр түрлі киім киіңіз. Ғалымдардың аатуынша, адамдардың киіміне қарай ойы да өзгеріп отырады екен.

6. Ымдау және қимылдармен түсіндіру
Сөзбен емес, қолдарыңыздың көмегімен әңгіме айып көріңіз. Түсінбегендерге түсіндіруге тырысыңыз.

7. Жаңа жол
Жұмысқа таныс емес, бұрын жүрмеген жолдармен барыңыз (қайтыңыз). Ол жол алыс болса, тіптен жақсы, мидың жұмысына пайдасын тигізіп қана қоймай, денеге жаттығу болады.

8. Өзіңізге деген сенімділік
Үнемі өзіңізге сенімді болыңыз. Тіпті сіз жақсы білмейтін қызметті ұсынса да, келісе беріңіз. Сіз бәрін дұрыс білмей тұрғанда ми белсенді қызмет атқарып, бір амалы табыла кетеді.

9. Стандарттан тыс жауаптар
Жауабы қалыпты сұрақтардың өзіне басқаша жауап беруге тырысыңыз. Мысалы, «қалың қалай?» деген сұраққа өте ұзақ әрі креативті қылып жауап беруге болады. Таптаурын болған әдеттерден арылыңыз7

10. Тиындар
Тиынның қанша теңгелік екенін саусақтарыңызбен сипап анықтауға тырысыңыз. Бұл жаттығу, әсіресе, кезек күтіп отырғанда іш пыстырмайды әрі пайдалы.

11. Жаңа журналдар
Газет-журналдар сөресіне жақындағанда мүлде назар аудармайтын журналдарды алыңыз. Мысалы, сезді сән журналдары қызықтырса, экономика саласына арналған журналды алыңыз. Басқа елдер мен саяхат туралы оқығагды ұнатасыз ба? Онда жануарлар туралы қызықты жазбаларға көңіл аударыңыз.

12. Дыбыссыз теледидар
Теледидардың дауысын өшіріп тастаңыз да, экрандағы кескіндерге қарап, диалог не монолог құрастырып көріңіз. Бұл жаттығуды достарыңызбен отырып жасаған анағұрлым қызықты өтеді.

13. Әр түрлі демалыс
Демалысыңызды тек қалада өткізіп жүрген болсаңыз, келесіде қала сыртына, табиғатқа шығыңыз. Музыка тыңдағанды аса ұнатпайсыз ба? Концерттерген барыңыз, түрлі сезімдер болары сөзсіз. Тіпті ұнамай бара жатса, кетіп қала саласыз.

14. Жаңа қарқын
Бұл жаттығуларды демалыста қолдануға кеңес береміз. Егер кез келген істі асықпай істейтін болсаңыз, 2-3 есе қарқын қосып, шапшаңдатуға тырысыңыз. Ал, егер бір орында отыра алмайтын тынымсыз болсаңыз, бәрін өте баяу атқаруға тырысыңыз. Байыппен қараңыз.

15. Әзілдер
Жаңа әзілдер мен анекдоттар ойлап табу — миға өте пайдалы. Бұл ақыл-ойдың жұмысын жақсартып қана қоймай, креативті ойлау жағын да дамытады.

Ұқсас жаңалықтар

Тараз: Абақтыдан жақында ғана шыққан ер адам әйелін үйімен қоса өртеп жіберді

redaktor_qazyr

Интернетті қанша адам пайдаланады?

Redaktor Site

Мақатаев күнделігінен

Redaktor Site
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz