Міржақып Дулатұлы (1885—1935)— қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері— Сарықопа уезінің, қазіргі Торғай облысының үшінші ауылы (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, «Қызбел» ауылы). Әкесі— Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі— Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Міржақып 1897 жылы Торғай қаласындағы жаңағы екі класстық орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шығады. Содан алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады. Ол 1904 жылы Омбы қаласына қоныс аударып, онда А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановпен танысты.
1907 жылы Петерборда жалғыз ғана нөмері шыққан «Серке» газетінде М.Дулатовтың «Жастарға» атты өлеңі басылды. . Болашақ кітабінің арқалайтын әлеуметтік жүзін айқын түсінген ақын оны дереу Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ!» деген атпен 1909 жылы бастырып шығарады.
«Бақытсыз Жамал» жаңа жанырдың төлбасы саналады. Қазақтың батырлық, қаһармандық және ғашықтық эпостарындағы әңгімелеу, қызықты сюжет құру дәстүрі жаңа романға мықты үлгі болғаны даусыз.
Ол 1916 жылғы маусым жарлығынан соң Рсесй үкіметі мен қазақ халқы бетпе-бет келген қиын күндерде де аса күрделі саяси мәселелердің ушығып кетпеуі үшін күресті. Қазақстанның аса көрнекті қоғам қайраткері жайында очерк, әңгіме, портрет, тарихи дерекнамаларын орыс, татар басылымдарында да жариялады.
Оларды өзге халықтарға танытуға күш салды. «Абай», «Хан Абылай», «Қазақ ақыны», «Қазірет Сұлтан», «Ахмет Байтурсынович Байтурсынов», т.б. іргелі зерттеу мақалаларын жазды.
Дереккөз: әл-Фараби кітапханасы