Qazyr.kz порталы
ҚазірСаясат

Миттал Қазақстанға «кіру» үшін 100 млн доллар параны кімге берді?

Бұған дейін саясаткер Болат Әбілев әріптесіміз Борейкоға берген сұхбатында миллиардер Лакшми Митталдың қазақ жеріне қалай және кімнің ықпалымен келгенін айтқан.

«Миттал мырза Қазақстанға Машкевичтің арқасында 1995 жылы күзде келді. Сол жылы Мұхтар Жәкішев екеумізді аустриялық Voestalpine («Фест Альпине») компаниясымен бірге «Қарметкомбинаттан» қуып шықты. Сосын ештеңе істеуге тырысқан да, талпынған да жоқ.

«Қарметкомбинатты» кім басқара алады деген сұрақ туындады. Биліктегілер әуелі ақша салып, кейін жекешелендіріп алу үшін ыңғайлы адам іздеді. Себебі, қылышын сүйретіп қыс келіп қалған. Мұндай алып комбинатты қысқа дайындамаса, тағы болмайды. Кенет, осы кезде Миттал пайда болды. Тіпті, оны Қазақстанға Александр Машкевич ертіп келгені және жоғарыдағылармен жеке таныстырғаны туралы айтылып жатты», – деді Б. Әбілов.

Сондай-ақ, саясаткер 1998 жылы Ұлыбританиядағы ВВС телекомпаниясының өкілі Қазақстанға келіп, өзіне хабарласқанын жеткізген.

«Қарметкомбинатты» екі апта басқарған екенсіз? Біз сізді ол жақтан қандай себепке қатысты қуып шыққанын білеміз…» деген қызық нәрсенің шетін шығарды.

Сөйтсем, Миттал мырза ВВС-ге берген сұхбатында Қазақстанға қалай тап болғанын тәптіштей келе, өзін Машкевич шақырғанын мойындаған. «Қазақстанға «кіру» үшін ақша бердіңіз бе?» деген тікелей сауалға Миттал «Иә, «комиссиондық» негізде 100 млн АҚШ долларын беріп жібердім» деп жауап беріпті» деп тағы бір шындықтың бетін ашты.

Демек, Миттал 100 млн долларды Машкевичке, ал ол мұны жоғарыда отырғандарға үлестірген.

Өкініштісі, «Қарметкомбинаттың» құны кемі 2 млрд долларға бағаланғанымен, Миттал оны бар-жоғы 220 млн долларға сатып алды. Онда да қаржыны бірден емес, комбинаттың өнімнен түскен пайдамен есептесті.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Миттал  Украинадағы дәл осындай зауытқа 5 млрд доллар төлеп қол жеткізген болатын.

Дереккөз: Dalainside.kz

Ұқсас жаңалықтар

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді 

redaktor_qazyr

Тағамға дәм беретін майлар қалай дайындалады?

Redaktor Site

Ақтөбеде 92 жастағы кейуана балаларын сотқа берді

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz