ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Монтайтас ауылының тұрғыны «Changan» маркалы автокөлікті ұтып алды

Түркістан облысы Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылының 50 жастағы тұрғыны,белгілі блогер Динара  Рәмізқызы ұйымдастырған автокөлік ойынының жеңімпазы болды.Ол  «Changan» маркалы темір тұлпардың иегері атанды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: Динара Евлоева Рәмізқызы

Осы ақпарат бойынша ұтыс иегері Монтайтастық Ерзақ Назарқұлов Өмірзақұлымен  тілшіміз тілдесті.

Мен бұл ойынға 2022 жылдан бері қатысып келемін.Бағыма орай бүгін су жаңа «Changan» маркалы, қызыл түсті автокөлігінің ұтыс иегері болып отырмын. Ойын әділ өтті.Туыстарыма,құрдастарыма және ауылдастарыма көлік жұғысты болсын!,- деді ол.

Қазір ұтыс иегері Шымкент қаласында екендігін, жеңіп алған темір тұлпары Павлодар қаласында,жақын арада алып қайтатынын айтты.

Фотоколлаж:Qazyr.kz

Айта кетейік, «Changan Automobile»  Қытайдың ең үздік көліктерінің бірі болып есептеледі.Компания Қытайда ең алғаш рет 1862 жылы құрылған.Chang- сөзі қытай тілінен қазақшаға аударғанда «ұзақ уақыт»,ал an-«қауіпсіз»,-деген мағынаны білдіреді.Қазіргі уақытта  компанияда 90 мың қызметкер жұмыс атқарады, жылына 2 млн автокөлік шығарады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Өскемен қаласында үйдегі қою түтіннің салдарынан бір адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды

redaktor_qazyr

Белгілі өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов дүниеден кетті

redaktor_qazyr

Су басқан өңірлерде ауыз су ластанды деген ақпаратты жоққа шығарды

redaktor_qazyr

Пікір жазу