Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚазір

Монтайтас қайырымдылық қоры 2 отбасыны көмірмен қамтамасыз етті

Түркістан облысы Арыс ауданындағы Монтайтас елді мекенінде,іргесін қалаған “Монтайтас қайырымдылық қоры” екі бірдей мұқтаж отбасыны 2 тонна қыстық қатты отынмен қамтамасыз етті,- деп хабарлайды QAZYR.KZ тілшісі.

“Қыстың ызғары жақындағандықтан, ауылымыздағы мұқтаж екі отбасыға 4 тонна көмірді теңдей 2-ге бөліп,үйіне түсіріп бердік.Алда тағы 3 тұрғынға көмек беруге ниеттіміз”,-деді қордың негізін қалаушы.

Айта кетейік,бұл қордың құрылғанына небәрі 7 ай болған.Алғаш рет “Күн сайын 100 теңге садақа” деген атаумен аталған.МҚҚ-ның негізін қалаушы Ерұлан Баймырза Орынбайұлы.Сонымен қатар қорда 3-4 ерікті жас балдар бар.

Қордың құрылғанынан қазіргі уақытқа дейін нендей жұмыстарды атқарды?Осы сұрақты тілшіміз негізін қалаушы Ерұлан Баймырза ағамызға қойды.

1) Құрбан айтқа ірі қара мал сойылып 7 отбасыға таратылды.( 28.06.2023)
2) Ауылымызға жаңа қоныс аударып келген 1 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етілді.(6.08.2023)


3)Қоқыс жәшігін ауыл көшелеріне орнаттық.(3.07.2023)


4) “Мектепке жол” атты бағдалама аясында 20 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік.Соның ішінде 2 оқушыға қордың атынан толықтай керек жарақтары алып берілді.(16.08.2023)
5)Мешітке “Қатым құран” оқытылды.Оған 200-ге жуық адам қатысты.(9.10.2023)

Тілші: Сіздің құрған осындай қорыңыщ барын,бірі білсе,бірі білмес!Ауыл тұрғындарына не айтар едіңіз?!

Негізін қалаушы: “Ауылымызда жастардың қолдауымен МҚҚ-ы құрылып отыр.Соған жастар тарапынан бір кісідей ат салысып,ауылымыздың игілігі үшін қорды қолдап,қолымыздан келгенінше мұсылман бауырларымызға көмек берейік!”,-деп сөзін аяқтады…

Қорға қаржылай көмек беру үшін, келесі көрсетілген реквизиттерге жолдай аласыз!
Каспий: 4400 4302 5894 7180
Халық банк: 4405 6398 6581 5698
Байланыс нөмір: +7(705)682-9899

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтарға жалған бос жұмыс орындары ұсынылуда

redaktor_qazyr

Неге үйленген адамдар тез семіріп кетеді?

redaktor_qazyr

Шымкентте 3 жасар баланың қолы ет тартқышқа кептеліп қалды

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты