Монтайтастық 21 жастағы жас жігітті өлімге итермелеген кімдер?Жігіттің өліміне 2 млн теңге себеп пе?Өзінен 2-3 жас үлкен,әрі ауылдас жігіттердің ақша бопсалаған рас па? Кім кінәлі?Кімдікі дұрыс,кімдікі бұрыс?
Түркістан облысына қарасты Монтайтас ауылындағы 21 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсап,жан тапсырды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.
Оқиға 26-ыншы наурыздың 27-інші жұлдызына қараған түні сағат 00:00-01:00 шамасында болған.Жас жігіт қалада жұмыс жасап жүрген.Сол күннен бір күн бұрын ауылына жол тартпақ болып,жолға шыққан.Алайда, отбасынан үйіне келетінін анасы ғана білген.Ал отбасының қалған мүшесі бейхабар болған.
Үйіне түнделетіп келген жас жігіт, қақпадан асып,үйінің табалдырығын аттамай,бірден мал-қораға қарай аяқ басқан.
Таңертеңгісін әдеттегі ауылдың күйбең тұрмыс-тіршілігімен жүрген анасы,қорадағы малына қарап жатып,баласының өлі денесін көріп, төбесінен тас түскендей күйде болған.
Таңның атысын жылы шыраймен аттырып,күннің батысын тыныштықпен өткізіп жүрген отбасының беймезгіл жан айқайын естіген көршілері,қара жамылған үйге жетіп келген.
«Неге бұлай өз-өзіңді жазаладың?Сені мұндай халде көреміз деп ойламадық қой!Кімдер сені мұндай халге жеткізді?»,-деген жан дегенде жалғыз анасының дауысы құлағымыздың пердесінде әлі жаңғырық болып естіледі,- деді көршілері.
Отбасының ағайын-туыстары мен бауырлары баланың телефонынан соңғы аудиожазбаны тауып алды.Онда марқұмның әлдебір жігітпен сөйлескені белгілі болды.
Шағын ауыл болған соң,бір-бірінің малының түрін түстеп,еніне дейін танитын ауылдастары, аудиожазбадағы екінші баланың дауысы кімге тиесілі екенін анықтап,оны сұрақ астына ала бастаған.
Полицейлер аудиожазбадағы баладан сұрады.Сұрау барысында бала өзінің оқиғаға қатысы жоқ екендігін,түнде онымен бірге бас қосқанын,ішімдік пен өзге де психотроптық заттарды тұтынбағанын айтып,ақталғандай болған.Дегенімен оқиғаны толық ақтарып айтпаған.
Алайда,аудиожазбадағы бала кешкісін қара жамылып отырған отбасыға өз аяғымен барып,оқиғаның неден басталып,немен аяқталғанын ашып айтқандай болған.
Анықталғандай марқұм болған жігіт,ауылдас басқа жігіттің көлігін уақытша сұрап алған,көлікті мінген бойында полицияға ұсталып,көліктің сақтандыру құжаттарының жоқ екендігіне,онымен қоса көліктің төленбеген несиесіне байланысты,көлігін полицейлер автотұраққа тартып алғанын айтқан.
«Өзімде жоқ көлікті,өзгеге алып беремін ба ?Менің еш кінәм жоқ қой!,-деген марқұм жігіт, ақыр соңы ауылына оралып,мал-қорада шарасыз күйде өз-өзіне арқан байлап, дүниеден өтеді.Жас жігіттің өліміне кінәлілер анықталып,міндетті түрде жазасын алуы тиіс!
Марқұнан қалған соңғы аудио жазба төменде: