Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

Монтайтастық әйел 4 адамды несиеге отырғызып кетті

  • «Түркістан облысына қарасты Монтайтас ауылының тұрғыны 4 адамның сеніміне кіріп,несие рәсімдеттіріп төлемей қойған»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ тілшісі.

Жапа шегуші: — А есімді әйел менің құрбым,«қиын жағдайға тап болғандығын айтып,қарыздарын жабу үшін ақша керек» ,-деп менің атымнан өзіне 1 млн теңге кредит алып,алғашқы  кредитінің төлемдерін уақытылы төлеп,кейіннен  түрлі жағдайларды сылтау етіп банк берешегін төлемей қойды.

Құрбымның жағдайын түсінуге тырысқанымен,банк қызметкерлері менің я оның жағдайымды түсінбейді.Үздіксіз қоңыраулар мен хабарламалардан осы жылдан бері физикалық та,психикалық тұрғыда да шаршадым.

Құрбыма кредит тарихын айтып түсіндіргеніммен, ол елеусіз қалдырды.

Білгенімдей,ол әйел менен ғана емес- менімен қоса санағанда — 6 адамның атынан кредит рәсімдеп алғанын естідім,олардың айтуынша қарыздарын жалақысынан төлеудің орнына таныстарынан кредит рәсімдеттіріп кезек-кезек кредитін жауып жүрген.

Осынша адамнан қарыз алып қандай қарызға батқанын білмеймін.Бір білерім өзімен қоса бізді де былыққа батырды.Бізге сотқа жүгінгеннен басқа амал жоқ,тіпті оның өзінде жеңіп шығуымыз екі талай.Осыдан кейін құрбым түгілі туыстарымның арасын ақшаға суытпас үшін, өз атымнап несие рәсімдеп беруден 100 километр алыс жүру керек екендігін түсіндім.Сіздерге айтарым ешкімге өз атыңыздан кредит алып бермеңіздер.

Ұқсас жаңалықтар

Отағасына бата беру

redaktor_qazyr

Қым-қуыт тіршілікте көп нәрсе бізге мәселе болып көрінері анық

redaktor_qazyr

Монтайтас ауылдық округінде 5000-нан астам тұрғын бар

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz