Сурет: Ken-zhyloi.kz
Монтайтастық жігіт 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер сайысына қатыспақшы.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.
Теңге ілуден ҚР ұлттық құрамасы, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын үш үздік спортшыны анықтады.Солардың бірі Түркістан облысы Арыс ауданы Монтайтас ауылының тумасы Бақыт Төлтай есімді жігіт.Ол 1998 жылдың 12 тамызында дүниеге келген. 2021 жылы ересектер арасындағы ҚР чемпионатының қола жүлдегері, 2023 жылы ересектер арасындағы ҚР чемпионатында алтын және күміс медалінің иегері, 2024 жылы Азия чемпионатының алтын медалінің иегері атанған.
«Мен бала кезімнен атқа жақын өстім. Теңге ілу спортына келуіме де себеп болған жылғықа деген махаббатым. Бүгінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Ел намысын абыроймен қорғау үшін барымызды саламыз»,- дейді ол.
Айта кетейік, теңге ілуден 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада болады.