Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мүшел жас

Атамыз қазақ өмірді мүшел жасқа бөліп санаған. Мәселен, адам өмірін 100 жас деп шамалап алғанда, онда 8 мүшел жас болады екен. Олар 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жастар. Осы мүшелдердің әрқайсысы тағы бірнеше шаққа бөлініп атанған. Мысалы, балалық мүшелге кіретін шақтар: нәресте шақ – 2 жасқа дейін, сәби шақ – 7 жасқа дейін, бөбек шақ – 8-9 жастың арасы, жеткіншек шақ – 10-12 жастың арасы, ересек шақ – 15-16 жастағылар.
Ал жігіттік мүшелдің ішінде бозбалалық шақ, албырт шақ, ағалық шақ, кісілік шақ деп аталатын төрт шақ болады.
Ал 49 бен 61-дің арасы ел ағасы болған шақ дейді. Сондай-ақ, отағасы, қосағасы, ата сақалы аузына біткен шақ деп тағы бірнеше кезеңге бөледі.
Жалпы, адам өмірін жүзге шамалап, оны БІР ДӘУІР деп атаған. Жүзді төртке бөліп, алғашқы 25 жылын ДӘУРЕН деп, өмірінің екінші кезеңдегі 25 жылын АҒАЛЫҚ ЖАС десе, 50-ден 75 жасқа дейінгі аралықты АТАЛЫҚ ЖАС деп атаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ұзақ өмір сүрудің сыры

redaktor_qazyr

Есенқұл Жақыпбек-Ініге сыр

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz