Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мустанг жылқылар туралы қысқаша тарих

Мустанг (испанша mestengo/mesteño «аралас») — жабайы үй жылқысы.

Мустанг жылқылары Солтүстік Американың жазық далаларында және Оңтүстік Американың орманды далаларында кең таралған.

«Мустанг» сөзі латынның mixtus (аралас) түбірінен шыққан. Испан сөзі «mestengo» Мексиканың «mesteño» немесе «mostrenco» «дала жануар» «жабайы» дегенді білдіреді. Осылайша бұл атау АҚШ — тың ағылшын тіліндегі мустанг деген сөзге айналған.

XVI ғасырда Испан конкистадорлары Еуропадан Америкаға үйретiлген кәдімгі үй жылқыларын алып келген болатын. Көп уақытын еркіндікте өткiзгендiктен бұл жылқылар уақыт өте келе жабайыланып кетті. Міне осылайша төзімді жүйрік (мустанг жылқылары) пайда болды. Солтүстік Американың далаларында мустанг жылқылары бiрде адамдардың бiрде жыртқыш аңдардың оңай азығына айналды. Мәселен үндістер оларды өлтiрiп терісі мен етін пайдаланды. Ал кейбір жылқыларды бiртiндеп қолға үйреткен.

XIX ғасырда мустанг жылқылары Оңтүстік Америкада әсіресе Аргентина мен Парагвайда көптеп кездесті.

Уақыт өте келе Жаңа әлемде мустанг жылқыларының саны өсті. XX ғасырдың басында Америка даласында 2 миллионға жуық мустанг жылқылары болды. XX ғасырда аңшылық ауқымы өскенi соншама 1960 жылдары мустанг жылқылары жойылу аз алдында қалды. Мустанг жылқылары санының азаюының бірден — бiр себебі мал басының тез өсуі жаңа жайылымдық жерлерді қажет етті.

1971 жылы Америка Құрама Штаттарында мустанг жылқыларына аңшылық жасау тыйым салынды ал 1980 жылдардың басында олардың саны 50 мыңнан астам болды. Қазіргі уақытта мустанг жылқылары: Калифорния Аризона Юта Невада және Вайоминг штаттарында көптеп кездеседі.

Жабайы жылқылар мен басқа тұяқты жануарларды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін жыл сайын мустанг жылқыларының белгілі бір саны ауланатын.

Жабайыланған мустанг жылқылары Еуразияда да кездеседі. Мысалы Ресейде Маныч-Гудило аймағында мустанг жылқыларының қорығы кездеседі. Бұдан бөлек Ресейде Курильдiң (Кунашир Зеленый) аралдарында мустанг жылқыларының табындары бар……

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)

Ұқсас жаңалықтар

Темірбек Жүргенов

Redaktor Site

Қазақ хандығы

redaktor_qazyr

Сіңліге сыр

Redaktor Site
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz