Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Нанның шығу тарихы

Ол әлемнің барлық елдерінде бар. Нан күнделікті үстелімізде тұрғанымен, оның тарихы туралы барлығы біле бермейді.

Археологиялық мәліметтерге сәйкес нан Жер бетінде кем дегенде 30 мың жыл бұрын пайда болған. Пішіні шелпек тәрізді болды және оны дәннен емес қоға мен қырыққұлақтың тамырынан пісірді. 2010 жылы зерттеушілер ежелгі диірмен мен келсап тәрізді тастың бөлігінде ұнның іздерін тапқан. Ол алдын ала тазартылған кептіріліп ұнтақталған өсімдіктердің тамырынан жасалды. Алынған ұнтақ сумен араластырылды сөйтіп қамырды тастың үстінде пісірді.

Бұл тәсіл б.з.б 9 мыңжылдыққа дейін жалғасты. Кейін жеуге жарамды өсімдіктерді жинаған адамдар тұқымдарды жерге көміп суарса олар өніп шығатынын байқады. Алғаш отырғызылған астық дақылы бидай болды оның дәндері ұнтақталып содан таба нан пісірілді. Дегенмен ұзақ уақыт бойы адамдар үшін азық-түліктің негізгі көзі аң аулау және терімшілік болады. 3 мыңжылдықтан кейін ғана азықты қолдан жасау идеясы кең тарала бастады.

Ғалымдардың пікірінше нанның отаны – Таяу Шығыс. Дәл осы аумақтар қазіргі өркениеттің бесігі болып саналады. Егіншілік пен мал шаруашылығы да осында басталып алғашқы белгілі қалалар да осында пайда болған. Сондай-ақ бұл өңірде бидайдан алғашқы таба нандар пісіріле бастады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Компьютер

redaktor_qazyr

Қазақтың танымал 100 ақын-жазушыларының тізімі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz