Пайдалы кеңестер

Нәресте неше жасқа дейін омырау сүтін ішуі керек?

Фото: freepik.com

Бүгінгі таңда нәрестелерді тамақтандырудың ең дұрыс жалғыз жолы бала алты айға толғанша тек қана емшек емізу. Балаға алты ай толғаннан кейін міндетті түрде уақтылы қосымша тамақтандыру енгізу қажет және емшек емізуді екі жас және одан да кейін емізе беру керек. Емшек сүті және бастапқыда болатын уыз баланың ас қорыту және зат алмасу процестерінің дұрыс болуын қамтамасыз етеді, баланың өсуіне және дамуына ықпал жасайды. Өйткені емшек сүтінің құрамында барлық қажетті заттар, гормондар, инфекциялардан қорғайтын антиденелер болады.

Алты айдан кейін тамақ құрамына емшек сүтінен басқа да тағам түрлерін енгізу қажет.

Сәйкесінше, екі жасқа дейінгі балалардың тамағына емшек сүтімен қосымша тамақтану реттілігі бойынша әртүрлі ұсыныстар болатын өмірдің үш кезеңін (0 – ден 6 айға дейін; 6-12 ай; 1-2 жас) бөліп көрсету керек. Бұл ұсыныстар балаға қоректік заттардың қаншалықты керек болуына сәйкестендіріліп әзірленген. Нәрестенің өсуіне қарай емшек сүтімен қоректендіруді азайта отырып, қосымша тамақтандыруды арттырады. Осылайша, жаңа рационға ауысу өте маңызды, өйткені тамақтандырудың осы екі түрінде де қажетті қоректік заттар жиынтығы болады және олар бір-бірін ығыстырып қысқармауы немесе артпауы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Оқиға куәгері болсаңыз…

redaktor_qazyr

Котлеттің дайындалу жолы

Redaktor Site

ҚЫМЫЗДЫҢ ПАЙДАСЫ

redaktor_qazyr

Пікір жазу