Qazyr.kz
БілімМәдениет

Нарманбет Орманбетұлы

Жақының жаман болса,
Табанға басқан боқпен тең.
Қатының жаман болса,
Бықсып жанған отпен тең.
Балаң жаман болса,
Болатты басқан тотпен тең.
Келінің жаман болса,
Желкеге түскен шоқпен тең.
Ойсыз кеуде, мисыз бас
Бала ойнаған доппен тең.
Жаманға айтқан ақылың
Далаға айтқан оқпен тең.
Талабы жоқ боз бала
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Қажымалы мың жолдас
Қасыңда адам жоқпен тең.
Жанын қиған бір жолдас
Қасыңдағы топпен тең.
Жақсыны жатқа санама
Араздығы доспен тең.
Жаманды еске санама
Татулығы өшпен тең.
Білімдімен сөйлессең
Пешенең болар беспен тең.
Жаман жармен бірге өссең
Өмірің болар ешпен тең.
Қанағат, рақым, шапағат
Сарқылмас бұлақ күшпен тең.
Сараңға біткен төрт түлік,
Табанға біткен күспен тең.
Баянсыз қонған бақ-дәулет
Обаға қонған құспен тең.
Өтіп кеткен өмірің
Бейне көрген түспен тең.
Ендігі қалған өмірің
Босап тұрған тіспен тең.
Үміт те қалар артыңда
Бітпей қалған іспен тең.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Әлемдегі ең үлкен аққала

Redaktor Site

Күлаш Ахметова

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты