Qazyr.kz порталы
Руханият

Неге

Неге сол бір шақтан,

Ішіңде бұғып жатқан,
Осындай сөзіңмен байқалмағаның.
Неге түсінбедің,
Шықпаған ішіңдегің,
Неліктен паш етіп айталмағаның.

Сездің ұқтың,
Неге бұқтың,
Сол кезден бастап жазбағаның ай.
Неге шықпаған жарқырап ай боп,
Неге өткеніңде әттеген ай көп,
Сөз алтын кенін қазбағаның ай.

Сезінгеніңмен,
Кезіндегіңнен,
Батпан із қалар ма өткендегіңнен.
Сыр еккеніңмен,
Жүректегіңнен,
Неге сыр қалмас жыр мектебіңнен.

Өткендеріңнің соқпақтарында,
Таяқсыз басты тоқпақтарың да,
Әттегендерің бар.
Өткеніңнің кітабы, Оң мен солдарың,
Екі жол торабы, Қай көп жолдарың,
Өткендеріңе неге дерің бар.

Неге ойланасың көңілден жұтап,
Өмірің өзі жазылған кітап,
Қатесіз жазатын періштелерлеріңнен.
Күнәлісің ғой қаймығатындай,
Есіңе түскенде сан ұратындай,
Қаймықпа қайтар жақсы амал істеріңмен.

АсқарӘли. Ә. Б.

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Темірбай

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Кентаулық 9 жасар Нұрғисаға қаржылай көмек керек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz