Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚазірРуханият

Өлең: Балалық шақ

QAZYR.KZ: Кездер қайда…
Ескі үйдегі бал шағым,
Өткен күнді менде дағы аңсадым.
Уайымсыз жүруші едік сол кезде,
Ал қазірше, ай білмеймін шаршадым.

Кездер қайда…
Тек тәттіні ойлаған,
Ауылдастың тойын бірге тойлаған.
Асық атып, ләңгі теуіп далада,
Кеш батқанша асыр салып ойнаған.

Кездер қайда…
Бөліп жеген наныңды,
Көрші апамның “Ақұдайы” жағымды.
Көл жағалап қозы бағып жүретін,
Көңіл шіркін сол кездерді сағынды.

Кездер қайда…
Қыз қараса күлетін,
Бәрін бірдей жақсы адам деп білетін.
Жарты сағат шығып кетіп далаға,
Үсті-басы шаң-шаң болып кіретін.

Кездер қайда…
Айлы түнмен тілдескен,
Еш алаңсыз, мамыражай күн кешкен.
Қазақы үйде, бір шаңырақ астында,
Кездер қайда бауырлармен бірге өскен.

Кездер қайда…
Әжем марқұм сөгетін,
Болмашыға көздің жасын төгетін.
Сол кісіге әрқашанда еркелеп,
Бұл өмірді таусылмастай көретін.

Өмір-ай сен…
Дейсің дағы бөгелме,
Балалық шақ енді қайтып келерме.
Алаңсыз бір қайтпай жүре берер ем,
Өткен күнге бара қалсам егерде.

Автор: Ақжол Сұлтан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Абайдың қара сөзі

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz